Site icon ATAMEKEN

“ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ АШЫҚ ХАТЫ: АККА ҰЖЫМЫНЫҢ АЛҒЫСЫ”

Соңғы үш жылда Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының тарихында маңызды өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің негізінде ТОО IAMS бас директоры Жұмағали Исмаилов енгізген жүйелі басқару моделі тұр. Дәл осы өзгерістерді күнделікті сезініп жүрген — дәрігерлер. Сондықтан жақында ұжым атынан алғыс хат жазылып, аурухана басшылығына ұсынылды.

Хатта дәрігерлер өздерінің кәсіби өсуіне жасалған жағдайды ерекше атап өтеді. «Біз әрқайсымыз дамуға мүмкіндік алғанымызды сеземіз. Мастер-класстар, симуляциялық оқыту, халықаралық стажировкалар — мұның бәрі біздің күнделікті тәжірибемізді жаңа деңгейге шығарды», — делінген хатта.

Сонымен бірге, ұжым ішіндегі атмосфераның түбегейлі өзгергені жазылған. Жаңа диалог мәдениеті, ашық коммуникация, ортақ мақсат — ауруханада қызмет етуді беделді етті. «Еңбегіміз бағаланатынын сеземіз. Қарапайым ұсыныстарымыз ескеріліп, шешімдер тез қабылданады».

 

Алғыс хатта инфрақұрылымдық өзгерістер де атап өтіледі: жөнделген бөлімшелер, жаңартылған жабдықтар, жаңа операциялық технологиялар. Бұл тек дәрігерлерге емес, пациенттерге де үлкен пайда әкелді.

Дәрігерлердің айтуынша, ең бастысы — ұжымда сенім күшейді. Әркім өз орнында жауапкершілікпен жұмыс істейді. Аурухананың жаңа рухы — кәсібилік, даму және бірлік.

Бұл алғыс — тек протокол емес, басқарудың дұрыс жолға түскенінің нақты дәлелі.

 

 

 

Exit mobile version