Пятница, 20 сентября, 2024
Басты бетЖаңалықтарДәрі-дәрмектің шекті бағасын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы бақылауға болады

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы бақылауға болады

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға препараттардың шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл дәрі-дәрмектерге қолжетімді баға белгілеуді, әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дәрі-дәрмекті қолданғаннан кейін жанама әсер пайда болса, оны да хабарлауға болады. Бұл дәрі сапасын бақылауға септігін тигізеді.

Дәрі бағасы белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда, мынадай айыппұлдар көзделген:

•⁠ ⁠Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
•⁠ ⁠Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
•⁠ ⁠Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
•⁠ ⁠Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
•⁠ ⁠Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments