Жыл басынан вакцинаның І компонентінен 519 145 дозасы келіп түсті, оның 457 933 дозасы қолданылып, қазіргі уақытта облыста 61 212 доза вакцина қалды.
Бірінші компонентпен 457 933 адам егілді, екіншісінен — 249 370. Вакцинацияланғандардың арасында — мемлекеттік қызметкерлер – 11 414, медицина қызметкерлері – 22 862, педагогтар – 37 015 БАҚ – 148, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 3381 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 340 412 адам вакцина алып үлгерді.