Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын.
Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады. Ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қояды.
“Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес”, — делінген “Азаматтарға арналған үкімет” хабарламасында.
❗️Көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі нұсқасын қабылдау осы жылдың 23 сәуірінде жойылды.