Қазақстанда экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция және өңірлік даму көрсеткіштері сараланып, экономиканы одан әрі жеделдетуге бағытталған нақты шаралар қаралды. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру, жаңа өндірістерді қолдау және өңірлердің даму қарқынын сақтау мәселелері талқыланды.
Үкімет экономиканың нақты секторын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық белсенділікті арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.

