Site icon Атамекен

Ел денсаулығы басты назарда

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Бұл Жолдауда Мемлекет басшысы әлемді дүрсілкіндірген пандемия туралы да айтып өтті. Пандемия кезіндегі дәрігерлердің еңбегінің өлшеусіз екенін айтқан ел Президенті ақ халатты абзал жандарға алғыс айтты. Алғыс айта отырып бұл дертті жеңудің жалғыз жолы —вакцина алу деді. Бірақ елімізде түрлі алып-қашпа әңгімелердің салдарынан екпе алуға қарсы тұрып жатқан топтардың бар екенін де атап өтті. Ол жайында Президент: «Бізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтардың таңдау құқығы бар. Елімізде жаппай екпе егу науқаны жүріп жатқанымен, қоғамда вакцинаға қарсы азаматтар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, өзге азаматтарды адастырады. Жаппай вакцинациялау қарқынды жүргенде ғана, біз қауіпті індетке тосқауыл қоя аламыз»,- деп, мемлекетіміздің коронавирус індетіне қарсы вакцина ойлап табуын да айта келе: «Біз Covid-19 індетіне қарсы вакцина ойлап тапқан санаулы мемлекеттердің біріміз. Біздің вакцинаға сыртқы мемлекеттерден де сұраныстар келіп түсуде. Бұл біздің вакцинаның қауіпсіз екенінінің тағыда бірден-бір дәлелі»,-деді.

Сонымен қатар Қазақстан дәрі-дәрмек өндіру саласында алғы шепке шығу керектігін айтқан мемлекет басшысы: «Елімізде дәрі-дәрмек өндірудің үлесі 17% ғана. 2025 жылға дейін біз бұл көрсеткішті 50%-ға дейін жеткізуіміз керек»,-деп, елімізде дәрі-дәрмек өндірудің қарқындылығын арттыру мәселесін де көтерді.

Дамир Сұраужанов,

Аудандық ауруханың бас дәрігері

Exit mobile version