Site icon Атамекен

Ел намысын қорғаған боксшылар Бакудегі халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады

Финалда бес қазақстандық боксшы бақ сынады.

Олардың үшеуі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді.

48 келідегі Теміртас Жүсіпов Хасан Маликовтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевтен жеңілді.

Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.

Exit mobile version