Site icon Атамекен

Ел үшін маңызды сәт

Бүгінгі елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Оның ішінде Үлкен ауылындағы 334-ші референдум учаскесінде ерекше өтті деп ауыз толтырып айта аламын. Ауданымыздың әнші, бишілері дауыс берушілерге мерекелік көңіл күй сыйлап концерт қойды. Алып денелі батырлар келіп ауыл тұрғындарымен естелік суретке түсіп ерекше сәттің куәсі болды. Сонымен қатар, референдум учаскесі алдында халыққа ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылды. Осындай еліміз үшін маңызды сәтте дауыс берушілер үшін ұйымдастырылған шараларға дән ризамыз.

Әрбіріміздің дауысымыздыңмаңызы зор, себебі біз өз таңдауымыз арқылы мемлекетіміздің дамуына ықпал етеміз.
Бүгінгі референдумға қатысу мен үшін өте маңызды болды. Өз құқығымызды пайдалану, болашағымыздың жарқын болу жолында әр бір қазақстандық үлес қосуы керек.

Каирбекова Рахима Кусманқызы
Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер

Exit mobile version