Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕрежеп - рухани дайындық айы

Ережеп — рухани дайындық айы

Ережеп айы – Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі болып есептеледі.  Бұл ай Алланың айы деп аталады.  Бұл айда исра және миғраж түні және рағайып түні бар. Сондай-ақ Пайғамбар сүннет еткендей нәпіл ораза ұстауға болады.

Ережеп айының мұсылмандар үшін орны бөлек. Оның бірнеше себебі бар: 

  • «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Араб халқы ислам діні келмей тұрып бұл айды ерекше қадірлеген. Тіпті осы уақытта жылдап жалғасып келе жатқан соғыстар, араздықтар тоқтаған. 
  • Ережеп айында елеулі тарихи оқиғалар өткен. Мысалы, жер бетін су басқанда Нұх пайғамбар кемеге мінген, Мұхаммед  пайғамбарға алғашқы уахи түсе бастаған, Миғражға (көкке) көтерілген.
  • Ережеп – берекелі әрі ұлық ай. Ондағы аз ғана ізгі іске көптеген сауаптар беріледі, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла елшісі: » Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген (Ибн Асакир).
  • Ережеп айының алғашқы жұмасында Рағайып намазын оқу туралы келген хадисті кейбір ғалымдар негізсіз деп айтқан. Дегенмен Алла елшісі Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) үндеген.
  • Алла елшісі Ережеп айында ораза тұтатын. Алайда бұл айда ораза тұту, тұтпау әркімнің өз еркі болуы тиіс.
  • Ережеп желге, Шағбан бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады. Сол себепті бұл айды барынша пайдалы өткізіп, ғибадат жасап, дұға етіп, араздасқандар бір-бірімен жарасып, татуласуы керек. 
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments