Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕскелді ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Ескелді ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Аудан әкімі 60 отбасыға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа қоныстанушылар арасында көп балалы аналар, мүгедектер, толық емес отбасылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Жаңа бес қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды. Құрылысын мердігер «Компания строй Индустрия» ЖШС-гі жүргізген. Нысанда 3-бөлмелі — 30, 2-бөлмелі — 15, 1 бөлмелі – 15 пәтер бар. Бүгін пәтер алғандар қатарында 12 жетім бала, 32 әлеуметтік жағынан қорғалған, 1 ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары, 15 көп балалы аналар бар.
Пәтерді салтанатты түрде тапсыру құрметі, осындай игі істің бастауы болған аудан әкімі Елдос Ахметов және қуаныш иесі Роза Аймуханбетова апамыз игі тілектерін арнап, тұрғын үйдің салтанатты лента қию рәсімін жасады. Қатысушы қонақтар бірінші қабаттағы екі және үш бөлмелі баспананың ішін аралап көрді.

Қазіргі уақытта Ескелді ауданында тұрғын үй кезегінде 1000-нан астам адам тұр. Тұрғын үй кезегін азайту мақсатында тағы да 60 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2023 жылдың тамыз айында тапсырылуы тиіс.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments