Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Құқық қорғау органдарымен қатар, білім беру ұйымдары, ата-аналар және қоғамдық ұйымдар да бұл іске өз үлесін қосуда.
Жастарға есірткінің құқықтық және әлеуметтік салдары түсіндіріліп, оларды спортқа, білімге және қоғамдық белсенділікке тартуға басымдық берілуде.
Есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру – ең алдымен дұрыс тәрбие мен саналы таңдаудан басталады. Бірге әрекет еткен қоғам ғана салауатты әрі қауіпсіз болашақ қалыптастыра алады.

