Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 33 халықаралық және 11 өңірлік есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Сонымен қатар жасырын зертханалардың қызметі тоқтатылған. Бұл шаралар есірткінің таралуына тосқауыл қойып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Есірткі тасымалына тосқауыл қойылуда

