Site icon ATAMEKEN

Есірткі қылмыстары 37,8 пайызға төмендеді

Жамбыл облысының Меркі ауданында есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылғы маусым айынан бастап «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жабайы қарасораны анықтау және жою бойынша кешенді жұмыстар қолға алынған.

Аудан аумағында жабайы қарасора өсетін алқаптардың жалпы көлемі шамамен 19 мың гектарды құрайды. Жұмыстарға 14 ауылдық округтен 28 ерікті мен арнайы техника тартылған. Бүгінгі таңда 580 гектар аумақтағы 376 тонна жабайы қарасора жойылды.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде ауданда есірткі қылмыстарының саны да азайған. Атап айтқанда, 2025 жылдың алғашқы жеті айында 45 есірткі қылмысы тіркелсе, 2026 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 28-ге дейін төмендеген. Яғни қылмыс деңгейі 37,8 пайызға азайған.

Жүйелі жұмыстардың негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымына тосқауыл қою, есірткі қылмыстарының алдын алу және жастарды зиянды әдеттерден қорғау.

Exit mobile version