Site icon Атамекен

Еңбекпен өскен ер – Сейтов Мұқат Қуанышұлы

Адал еңбегімен елге сыйлы, отбасының тірегі, ұрпағына үлгі болып жүрген азаматтардың бірі – Сейтов Мұқат Қуанышұлы. Ол 1962 жылы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.

Мектеп қабырғасынан бастап еңбекқорлығымен, сабырлылығымен көзге түскен Мұқат Қуанышұлы 1969–1979 жылдары Қарғалы ауылындағы орта мектепте білім алды. Мектепті тәмамдаған соң 1981–1983 жылдары Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, әскер қатарынан елге оралды.

1983–1987 жылдары Шымкент қаласындағы Кооперативтік техникумда оқып, мамандық иесі атанды. Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы аудандық Тұтынушылар одағында (РайПотребСоюз) бастап, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, тәжірибе жинақтады.

1995 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, көлік жөндеу ісін жолға қойды. Сол кезден бері өз кәсібін дамытып, адал еңбегімен отбасын асырап, жерлестеріне қызмет етіп келеді. Кәсібін тек табыс көзі ретінде емес, елге қажетті іс деп түсінетін Мұқат Қуанышұлы техникаға ептілігімен, қолының шеберлігімен танылған жан.

Бүгінде ол 4 баланың әкесі, 8 немеренің ардақты атасы. Ұрпағын еңбекқорлыққа, адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.

Қай істің де берекесі – адал еңбек пен жауапкершілікте. Сейтов Мұқат Қуанышұлы – осының жарқын үлгісі. Өз еңбегімен ел құрметіне бөленіп, ауылдың абыройын асырып жүрген ардақты азаматтардың бірі

Exit mobile version