Site icon Атамекен

Еңбектің қадірін білетін жан – өмірдің мәнін түсінген адам

Еңбектің қадірін білетін жан – өмірдің мәнін түсінген адам.

Есжанова Гүлнар – өз ісіне берілген, еңбектің нағыз үлгісі. Ол аспаздықты жай кәсіп емес, өнер деп біледі. Әр тағамының дәмінде маңдай тер мен махаббаттың ізі бар.
Алғашқы жұмысын балабақша асханасынан бастаған еңбек сүйгіш анамыз 15 жылдан астам уақытын осы салаға арнап келеді. Бүгінде Есжанова Гүлнар Айдарлы ауылдық Орта мектебінің асханасында дәмді тағамдарымен оқушыларды қуантып жүр.

Қарапайым еңбектің күші – ұлт дамуының негізі. Осындай жандардың табандылығы мен адалдығы қоғамды биікке көтереді.

#ЕңбекАдамы #АдалЕңбек #ШеберҚол #ӨмірӨнері

Exit mobile version