Тазабеков Сәкен Нұраевич 1970 жылы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласып, ауыл шаруашылығы саласында өзіне сеніп тапсырылған істі абыроймен атқарды.
Ұзақ жылдар бойы туған жерінің өркендеуіне үлес қосып, шамамен 8 жыл Узынағаш әкімдігінде тракторист болып еңбек етуде. Іскерлігімен, қарапайымдылығымен және жауапкершілігімен көпшілікке танылып, әріптестерінің құрметіне бөленді.
Адал еңбегі мен өмірге деген көзқарасы – жастарға үлгі, кейінгі ұрпаққа өнеге.