Четверг, 13 ноября, 2025
Басты бетЕңбек адамыЕҢБЕК АДАМЫ – Демина Елена Александровна

ЕҢБЕК АДАМЫ – Демина Елена Александровна

Еңбек – адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Осы орайда адал еңбегімен ел игілігіне қызмет етіп жүрген жандардың бірі – Демина Елена Александровна.

Елена Александровна 1978 жылдың 23 қаңтарында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында дүниеге келген.

2004 жылдан бері «Үлкен Су» ЖШС ұйымында аппаратшы қызметін абыроймен атқарып келеді. Ал 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Жамбыл Су» коммуналдық шаруашылығында халық игілігі үшін қарапайым, бірақ аса маңызды еңбекпен айналысуда.

Елена – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және қарапайымдылықтың жарқын үлгісі. Оның әр күні маңдай терге толы, елге қызмет ету жолындағы тағы бір табанды қадам.

Мұндай еңбек адамдары – еліміздің тірегі, көзге көрінбей жүрген нағыз батырлар.
Сіздің еңбегіңіз еленіп, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments