Site icon Атамекен

Еңбек адамы –ел тірегі.

Астың дәмін келтіретін тұз болса, екеуінің де дәмін келтіретін – білгір аспаз. Аспаздық – өз алдына бір сала, мамандық. Өнердің түрі көп. Дегенмен астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға тағам арқылы қуаныш сыйлай білу – басқа дүние. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет екені даусыз. Осындай мамандықтың иесі Жамбыл ауылының тұрғыны Смаилова Гульмира Макановна. Смаилова Гульмира 1977 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылында туылған. Еңбек жолын 1997-2000 жылдар аралығында Алматы қаласында «Дастархан» дәмханасында, 2000-2003 жылдар аралығында «Кредо» дәмханасында, 2015-2019 жылдар аралығында Жамбыл ауылында «Нұр» мейрамханасында аспаз болып жұмыс атқарған. 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл ауылы Жамбыл атындағы орта мектебінде аспаз болып еңбек етуде. Сапалы және дәмді тағамдарымен оқушылар мен ұстаздардың алғысына бөленіп жүрген, өз жұмысын жақсы білетін қарапайым азамат ұжымда сыйлы да құрметті маман.

Exit mobile version