Еңбек – адамның адам екенін көрсететін басты қасиет. Бүгінгі кейіпкеріміз – Жеңісбек Ғалымжан дәл осы сөздің шын мағынасын өз өмірімен дәлелдеп жүрген азамат.
1996 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген Ғалымжан 2013 жылы ата жұрт – Қазақстанға қоныс аударып, оқуын жалғастырып, мектеп бітірді. Балалық шағынан бастап еңбекке араласқан ол ауылда қалып, мал шаруашылығымен айналысып, ата-анасына қолғабыс етті.
Бүгінде ол тек тамақ пісіріп қана қоймай, өз кәсібінің шеберіне айналып, еліміздің әр аймағына іссапармен шығып, жас аспаздарды баулып, үйретіп жүр. Оның қолынан шыққан әр тағам – еңбеккедеген махаббаттың, табандылық пен төзімділіктің жемісі.
2023 жылы өз отбасын құрып, жаңа өмір бастады. Қазір сүйікті ісімен айналысып, шаңырағының тірегі, айналасына үлгі болып жүрген жан.
Қарапайым еңбек адамы – қоғамның алтын діңгегі.
Ғалымжан сынды азаматтар көп болса, елдің де болашағы жарқын болмақ!
ЕҢБЕК АДАМЫ – ЖЕҢІСБЕК ҒАЛЫМЖАН
