Site icon Атамекен

Еңбек адамы – Молдагужина Фатима Мусаханқызы

Молдагужина Фатима Мусаханқызы – ұзақ жылдар бойы өз өмірін кітапхана ісіне арнап келе жатқан тәжірибелі маман, өз ісінің шебері.

Еңбек жолын 1997 жылы Қаттаубай ұжымында бастаған. 2000 жылдан бері Тарғап ауылының кітапханасында қызмет етіп, ауыл тұрғындарының рухани дамуына елеулі үлес қосып келеді.

2023 жылы кітапхана саласындағы көпжылдық еңбегі мен адал қызметі үшін «Кітапханашы ардагері» атағына ие болды.

Фатима Мусаханқызы – үш ұлдың ардақты анасы, жеті немеренің сүйікті әжесі. Ол өз мейірімділігімен, еңбекқорлығымен және адамгершілігімен ауылдастарына әрдайым үлгі.

Exit mobile version