Site icon Атамекен

Еңбек адамы – Нүсіпбаев Сәбит Сарбагысұлы

Самсы ауылдық округіне қарасты Қопа бекетінде 1966 жылы дүниеге келген Нүсіпбаев Сәбит Сарбагысұлы өмір жолын еңбекпен өрнектеген азаматтардың бірі.
1984 жылы әскер қатарына шақырылып, 1986 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеді. Әскерден кейін Алматы теміржол институтына түсіп, жоғары білім алып шықты.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазақстан теміржолында қарапайым вагон жөндеуші болып бастап, кейін Қопа бекетінде кезекші қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Қопа бекетінің теміржол бастығы ретінде ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Сәбит Сарбагысұлы – нағыз теміржолшылар әулетінің өкілі. Әкесі Ұлы Отан соғысы жылдары (1941–1945) паровоз машинисі болып қызмет атқарып, кейін осы саладан зейнетке шыққан. Үш ағасы да өмірін теміржолға арнап, бүгінде ардақты зейнеткерлер қатарында. Бұл дәстүрді ұлы да жалғастырып, Алматы теміржол институтын бітіріп, қазіргі таңда теміржол саласында еңбек етуде.

Сәбит Сарбагысұлының өзі теміржол саласында 40 жылға жуық уақыт бойы табанды еңбек етіп, Алматы–Шу теміржолының салынуына айрықша үлес қосты. Оның еңбек жолы – адалдық пен табандылықтың, қарапайым еңбектің айқын үлгісі.

Отбасында сыйлы әке, ардақты жар. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Жолдасы да ұзақ жылдар бойы теміржол саласында жұмыс істеп, бүгінде зейнеткер. Қызы мұғалімдік жолды таңдаған. Алты немеренің асыл атасы.

Exit mobile version