Манжибаева Айгүл Аралтайқызы 1971 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы Күрті ауданы (қазіргі Балқаш ауданы) Балатопар ауылында дүниеге келген.
Отбасылы, екі баланың анасы, екі немеренің әжесі. Балалары жоғары білімді.
2008 жылдан бері Үлгілі ауылдық округінде кітапхана меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Осы уақыт аралығында кітапхана жұмысын жүйелі ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шараларды сапалы өткізуге ерекше еңбек сіңіріп келеді.
Айгүл Аралтайқызының бастамасымен түрлі танымдық, тәрбиелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, жас ұрпақты кітап оқуға баулу, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Ол оқырмандармен тығыз байланыс орнатып, кітапхананы ауылдың рухани орталығына айналдырды.
Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мол білікті маман ретінде әріптестері мен ауыл тұрғындары арасында үлкен құрметке ие. Көпжылдық тынымсыз еңбегі мен мәдениет саласына қосқан үлесі жас мамандарға үлгі.
ЕҢБЕК АДАМЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ
