Солтанбеков Марат 1955 жылы 6 тамызда Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келді. 2008 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Таңбалытас ауылында ЖШС” Ауыл Су Қызмет” мекемесіне оператор қызметі бойынша жұмысқа тұрды. Оператордың қызметі бұл процестерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Оператор су жүйелерін бақылап, техникалық ақауларды анықтап, су сапасының нормаларға сәйкестігін тексереді. Оператор су көздерін ашып-жабуды, сорғыларды басқаруды, су ағынын реттеуді, сондай-ақ су тарату желілерінің жұмысын қамтамасыз етуді қадағалайды. Сонымен қатар, ауыл су қызметінің операторы тұрғындардың сұрақтары мен өтініштеріне жауап береді, ақауларды жоюға бағытталған әрекеттерді атқарады. Су — тіршілік көзі демекші, “Ауыл Су Қызметі” ЖШС жұмысы халықтың денсаулығын жақсартуға, өмір сапасын арттыруға, экологияны сақтауға және экономикалық тұрғыдан тиімді болуына үлкен септігін тигізеді.
Солтанбеков Марат ағаның адалдығы мен еңбекқорлығы әріптестері мен жергілікті халық тарапынан жоғары бағаланып, өз ісіне шынайы берілген жан ретінде танылды.