Воскресенье, 13 апреля, 2025

Еңбек адамы

Мансурбаев Бүркітбай Жантубайұлы 1964 жылдың 25 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылында дүниеге келген. Жастайынан техникаға ерекше қызығушылық танытып, еңбек жолын трактор айдаудан бастаған.

1990 жылы «Қастек батыр» атындағы ұжымда қарапайым механизатор-тракторшы ретінде жұмыс істей бастады. Кейіннен 13 жыл бойы «Сәмен батыр» атындағы шаруа қожалығында механизатор-тракторшы болып еңбек етті. 2008 жылдан 2023 жылға дейін жанар-жағармай бекетінде қарауыл қызметін атқарған.

Қазіргі таңда Бүркітбай Жантубайұлы «Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өрт сөндіру бекетінің қызметкері болып жұмыс істейді.

Еңбексүйгіштігімен, қарапайымдылығы және жауапкершілігімен ауылдастарының ерекше құрметіне бөленген. Ол – ауыл жастарына үлгі боларлық тұлға, еңбекқорлық пен адалдықтың жарқын көрінісі.

Бүркітбай Жантубайұлы сынды азаматтар – ауылдың тірегі, елдің берекесі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments