Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Еліміздің энергетика саласында ұзақжылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан, өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғарымамандардың біріМүлкібаев Саят Саматұлв. Ол 1989 жылы 13 қыркүйекте Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылында дүниегекелген. Балалық шағы осы ауылда өтіп, 2006 жылы «Тельтай Сарсенбеков атындағы Самсыорта мектебін» аяқтаған.

2010 жылы Саят Саматұлы Үлкен ауылынақоныс аударып, ата-анасын көшіріп әкеліп, отбасына жағдай жасайды. 2013 жылышаңырақ көтеріп, бүгінде үш баланың қамқорәкесі. Еңбегімен елге танылып, отбасына да, қоғамға да үлгі бола білген азамат.

Сол 2010 жылдың шілде айында ол«KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалыныңБалқаш маңы әуе электр желілерін жөндеубөлімінде электро монтер ретінде еңбек жолынбастайды. Қазіргі таңда 15 жылдан астамтәжірибесі бар, 5-разрядты қатардағыэлектромонтер. Электр жабдықтарынпайдалану және техникалық қызмет көрсетубағытында терең білімі мен кәсіби шеберлігіқалыптасқан.

«KEGOC» акционерлік қоғамында ұзақжылдар бойы еңбек ете жүріп, Саят Саматұлыөз мамандығына деген адалдығымен, тәртіптілігімен және жоғары кәсібилігіменерекшеленіп келеді. Жыл сайын қауіпсіздіктехникасы бойынша емтихандардан өтіп, білімін жаңартып отырады. Сонымен қатарұжымдық спорт жарыстарына белсенеқатысып, жүлделі орындар иеленген.

Күннің аптап ыстығы мен қыстың қақағансуығына қарамастан, Балқаш маңындағыалқаптарда әуе электр желілерін қалпынакелтіру жұмыстарын үздіксіз және сапалыатқарып келеді. Жұмыс орнындағы қоғамдықшараларға да белсене араласып, әрдайымұжымдастарына қолдау көрсетіп отырады.

Жетістіктері:

2018 жылы наурыз айында Алматы қаласындағы «Біліктілікті арттыру және қосдипломды білім беру институтында» біліктілігінарттырып, категориясын көтеру мақсатындаоқу курсынан өткен.

2020 жылы Энергетиктер күніне орайАлматы қаласында көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Құрмет грамотасыменмарапатталған.

2023 жылы «Halyk Ondiris Group» ЖШС ұйымдастырған «Алғашқы медициналық көмеккөрсету» курс бағдарламасын сәтті аяқтаған.

Exit mobile version