Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбекетіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген Жамбыл ауылының тұрғыны, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сырбаев Марат Рахатұлын айтуға болады.
Сырбаев Марат Рахатұлы 1947 жылы 2 маусымда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.
1950 жылы атасы Сырбай өз ауылы Жамбылға көшіріп әкелген.
Сырбаев Марат Рахатұлы еңбек жолын 1965 жылы Жамбыл атындағы совхозда тракторист болып бастаған.
1966 жылы әскер қатарына шақырылып, Солтүстік флотында, кемеде әскери борышын 1969 жылы өтеп келген соң Алматы қаласындағы АДК-ға жұмысқа орналасқан. 1971 жылы үйленіп, жұбайының жұмысына байланысты ол жұмыстан шығып, Ақсеңгір ауылына көшіп барып сол жерде «Степная» құс фабрикасына құрылысшы, 1974 жылдан бастап К-700 тракторының жүргізушісі, 1979 жылы Үлгілі совхозына тракторист болып ауысқан,1980 жылы гаражда автоэлектрик болып жұмысқа орналасқан.
1981 жылы Алматы энергетика институтына 1 курсқа сырттай оқуға түсіп, 1987 жылы қалалар мен ауылшаруашылығын өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау мамандығын алып шыққан.
1983 жылы Үлгілі совхозында бас энергетик болып тағайындалған.
1990 жылы Үлгілі совхозы тараған сон, өз ауылы Жамбыл совхозына бас энергетик болып ауысқан.
1994 жылдан бастап аудандық АЖК -да диспетчер болып жұмысқа орналасып. 3 айдан соң емтихан тапсырып, бас диспетчер болып ауысып осы жұмысты абыроймен атқарған үшін Қазақстан Республикасының ардагер энергетигі медалімен марапатталған. Қазіргі уақытта зейнеткер.

Exit mobile version