Дәулет Камила — өмірін адал еңбекке арнаған, өз ісінің шебері, тәжірибелі аспаз. 14 наурыз 1967 жылы дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында тұрады, мекенжайы — Абай көшесі, 101-б үй.
Камила апайдың аспаздық саладағы еңбек өтілі 12 жыл. Оның ішінде соңғы 4 жылын «Айжұлдыз» бөбекжай-бақшасында (КМҚК) бала тәрбиесіне жанашырлықпен қарайтын ұжымның сенімді мүшесі ретінде өткізуде. Балалардың денсаулығына пайдалы, дәмі тіл үйіретін тағамдарды сүйіспеншілікпен дайындап, кішкентайлардың көңілінен шығып жүр.
Ол — нағыз еңбек адамы, маңдай терімен нан тапқан, қарапайым, бірақ қоғам үшін аса маңызды мамандықтың иесі. Аспаз болу – жай ғана тамақ пісіру емес, бұл – жанашырлық пен жауапкершілікті қатар алып жүретін іс. Дәулет Камила осы қасиеттердің жарқын үлгісі бола білді.