Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Сакиев Асхат Болатұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген.

Әскери борышын өтеп келгеннен кейін елге оралып әке жолын жалғастырып, ауыл шаруашылығына бет бұрды. Әкесі Сакиев Болаттың шағын шаруашылығындағы мал санын көбейтіп, 1997 жылы «Естай» шаруа қожалығын құрды. Кейіннен жеке бөлініп шығып, «Асхат» шаруа қожалығын ашып, мал шаруашылығын одан әрі дамытты.

Асхат Болатұлы — елге жанашыр азамат. Ауылдастарына, әсіресе көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға көмек қолын созып, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Оның елге деген жанашырлығы мен еңбексүйгіштігі ауылдастары арасында зор құрметке ие.

Exit mobile version