Site icon Атамекен

Еңбек адамы

ЕҢБЕК АДАМЫ – ТОЛЕГЕНОВ ОРАЛБАЙ СЕРЖАНОВИЧ

Еңбек – адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Осы орайда адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген жандардың бірі – Толегенов Оралбай Сержанович.

Оралбай аға 1971 жылдың 27 қарашасында Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан өңіріндегі Нөкіс қаласында дүниеге келген. Білім жолын СПТУ-да жалғастырып, Қарақалпақстанда теміржол саласын меңгеріп шыққан.

Өмір жолын денсаулық сақтау саласында бастаған ол, аудандық орталық ауруханада жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып талай жыл еңбек етті. Адам өмірі үшін әр секунд маңызды кезде жауапкершілікті мойнына алып, талай жанның аман қалуына себепші болды.

2012 жылдан бері су құбырлары жүйесінде экскаватор жүргізушісі қызметін атқарып келеді. Қазіргі күнге дейін ел игілігі үшін, қарапайым, бірақ аса маңызды еңбекпен айналысып келеді.

Оралбай ағамыз – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және қарапайымдылықтың жарқын үлгісі. Оның әр күні – маңдай терге толы, елге қызмет ету жолындағы тағы бір қадам.

Мұндай еңбек адамдары – еліміздің негізін қалайтын, көрінбей жүрген нағыз батырлар. Сіздің еңбегіңіз еленіп, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!

Exit mobile version