Жамбыл ауданы Үлгілі ауылында ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдары көп. Солардың бір Алыбаева Жанар – үлкен отбасыдан шыққан 11 ағайынды. Өзі де көп балалы ана.
1978 жыл 1 мамырда Алматы облысы Шелек ауданы Куликовка ауылында дүниеге келген. Үлгілі ауылына келін болып түскелі 25 жыл болыпты. Қазіргі таңда 4 ұл 1 қыздың анасы.
Кішігірім ауылда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Үйінде 10 бас сауынды сиыр ұстайды. 6 жылдан бері сауыншы болып өз нәсібін тауып отырған жан. Құрт, ірімшік, май, кілегей жасап өзінің кішігірім кәсібін дөңгелетіп отыр. Тек Үлгілі ауылын ғана қамтымай, Үмбетәлі, Қасымбек ауылдарына құрт, ірімшіш, май алатын тұтынушылары өте көп. Бұлда бір көрсеткіш. Жалғыз сиыр сауып құр-ірімшік жасаудан бөлек құрақ көрпе құрап, тігінмен айналысады.
2016 жылы Еңбекшіқазақ ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына «Жұмахановтар» әулеті қатысып жүлделі орын алған. Бұл әулетті «ұстаздар» әулеті деп те атайды. Ал, 2025 жылы ақпан айында «Мерейлі отбасы» форумына шақырту алған.
Жалпы, еңбек етіп, жұмыс істеген адамға ауылда мүмкіндік мол, — дейді Алыбаева Жанар.