ЕҢБЕК АДАМЫ – Демина Елена Александровна
Еңбек – адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Осы орайда адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген жандардың бірі — Демина Елена Александровна. Елена 1978 жылдың 23 қаңтар айында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында дүниеге келген.
2004 жылдан бері ТОО “Үлкен Су” организациясында аппаратшы қызметін атқарып келеді. 2025 жылдың 05 қаңтар айынан Жамбыл Су коммуналдық шаруашылығында ел игілігі үшін, қарапайым, бірақ аса маңызды еңбекпен айналысып келеді.
Елена – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және қарапайымдылықтың жарқын үлгісі. Оның әр күні – маңдай терге толы, елге қызмет ету жолындағы тағы бір қадам.
Мұндай еңбек адамдары – еліміздің негізін қалайтын, көрінбей жүрген нағыз батырлар. Сіздің еңбегіңіз еленіп, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!