Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, былай делінген: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!».
Осы сөздерді назарға ала Шиен ауылының тұрғыны Тоғамбаев Жақсылық Қуатұлын айтса болады. Ол 1985 жылы 29 карашада Алматы облысы, Жамбыл
ауданы Шиен ауылында
дүниеге келген. 1990-2001
жылдар аралығында Шиен орта
мектебінде білім алған. 2004-2006
жылдар аралығында Шымкент қаласында Отан
алдындағы азаматтық борышын өтеген.
2006 жылы ауылға келіп әр түрлі жұмыстар жасаған. 2023 жылдан бастап Алатау Жарық компаниясының Шиен ауылында орналасқан ПС-35/10 Кв#31 электригі болып қызмет атқаруда. Әріптестер арасында сыйлы, құрдастары мен өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі боларлық тұлға. Бір
отбасының тірегі аяулы жар, үш баланың әкесі. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы
қашанда мақтан тұтарлық.