Сақай Қасымбек- Шолаққарғалы ауылдық округі Қасымбек ауылының тұрғыны. «Сақай» жеке кәсіпкерлігінің директоры.Темір және пластмасса, жиһаз және құрылыс заттарының бөлшектерін өндірумен айналысады. Сақай Қасымбек 1991 жылы 6 сәуірде ҚХР-да Үрімжі автономды районы, Дүрбіжін ауданы, Күре ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударып, көшіп келген. 2016 жылдан бастап аталған өндіріс кәсібімен айналыса бастады. 2017 жылдан бастап Шолаққарғалы ауылдық округіне қарасты Қасымбек ауылының тұрғыны.