Айдарлы ауылында дүниеге келген Мұсаев Мұхтар Сембаевич 1971 жылы өмірге келді. Еңбекті ардақ тұтқан, елге жанашыр азамат бүгінде ауыл шаруашылығы саласында аянбай тер төгіп жүрген жандардың бірі. Ол басшылық ететін “Мұхтар” шаруа қожалығы 50 гектар суармалы жерді игеріп отыр. Соның 40 гектарына жоңышқа егіп, мал азығын дайындаумен шұғылданса, қалған 10 гектар алқапқа қауын-қарбыз егеді.
Мұхтар Сембаевич — ауыл тұрғындарына үлгі боларлық еңбек иесі. Ол өз қожалығы арқылы ауылдағы 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, мал шаруашылығын да қатар алып жүріп, ұсақ мал басын көбейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Туған жердің тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын азамат қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ауыл өмірінің көркейіп, дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген еңбекқор жан.