Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Абдигазимов Самат Қалыұлы 1966 жылы 15 Мамырда Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Беріктас орта мектебін бітіріп, Алматы Энергетикалық университетіне түсті. 1-ші курс бітіргеннен кейін, Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанған. 1986 жылы Отан алдындағы борышын өтеп келіп, оқуын қайта жалғастырып, 1990 жылы дипломын алған. Оқудан кейін жолдамамен Талдықорған қаласына барып 1 жыл жұмыс істеген. 1991 жылы Беріктас ауылына келіп, содан бері 34 жыл еңбек етіп келе жатыр. Қазіргі таңда ұл-қыздары ағамыздың жолын қуып Энергетикалық университетті оқып бітірген. «Алатау жарық компаниясы» АҚ-да қызмет жасап келеді. Үлкен ұлы Мақсат Саматұлы Алматы қаласында 5-ші РЭС-те басшының орынбасары қызметін атқарады. Бүгінгі күні Самат Қалыұлының дәрежесі аға шебер. Самат Қалыұлы басқаратын Жамбыл аудандық электр торабының Беріктас теліміне тек Беріктас ауылы емес, сондай ақ Ақтерек, Дегерес, Мәтібұлақ, Горный, Жартас, Жаманты ауылдары қарасты. Жолдасы Орынбаева Балкүміс Телғарақызы ағамызбен бірге «Алатау жарық компаниясы» АҚ компаниясында қызмет етіп келеді.

Өз еліме, ауылыма еңбек жасаймын деп өз қызметін адал атқаруда!

Exit mobile version