Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Еңбек адамы – ел тірегі
Нағыз еңбек адамы – Отанымыздың берік тірегі, қоғам дамуының басты қозғаушы күші. Осындай еңбек адамының бірі Алматы облысы, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Саламатов Бейқұтбек Миятбекұлын айтуға болады. Саламатов Бейқұтбек 1978 жылдың 30 наурыз айында Жамбыл ауылында туылған қарапайым әрі абыройлы азамат 5 баланың әкесі, 3 немеренің атасы. 1995 жылы туған ауылындағы мектепті аяқтаған соң, Жамбыл совхозында еңбек жолын мал шаруашылығы саласында бастап еңбек еткен.
2014 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Жамбыл ауылдық амбулаториясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Адам өміріне араша түсетін бұл мамандықты ол ерекше жауапкершілікпен, адалдықпен атқаруда. Еңбек ету – адамзаттың тіршілік көзі, тәрбие бастауы. Қандай кәсіппен айналыссаңда, оны сапалы атқару маңызды. Еңбекті сүйген, маңдай терімен елге қызмет еткен азаматтардың өмірі – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Exit mobile version