Среда, 25 июня, 2025

Еңбек адамы

Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялауы – еліміздегі еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі. Осыған орай, Қарасу ауылдық округіне қарасты Сарбайби ауылында тұратын тігінші Надырова Гүлнар Асырқызының еңбегі мен қолөнерге қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.

Гүлнар Асырқызы – өз ісіне адал, кәсібін сүйетін, қолөнерге шын жүректен берілген шебер. Ол: «Тігін ісімен айналысамын!» деген берік ұстанымымен ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Қарапайым киімнен бастап, ұлттық нақыштағы сәнді киімдерге дейін – барлығын өз қолымен тігеді. Фото және видеоматериалдарда көрсетілген әрбір бұйым – оның жанкешті еңбегінің, шеберлігінің және шығармашылығының айғағы.

Надырова Гүлнар Асырқызы
1964 жылы Жамбыл облысы, Сейіл ауылында дүниеге келген. 1980 жылы мектепті аяқтап, тігінші мамандығы бойынша арнайы оқу орнын бітірген. 1983 жылы тұрмысқа шығып, бүгінде үш баланың ардақты анасы, немере сүйіп отырған аяулы әже.

Бүгінде ол — Жамбыл ауданы бойынша кең танымал, тәжірибелі тігінші. Аудан тұрғындары тарапынан күн сайын түрлі тапсырыстар түсіп тұрады. Оның қолынан шыққан ұлттық киімдер мен заманауи үлгідегі сәнді көйлектер сұранысқа ие. Әрбір бұйымында – ерекше талғам, ұқыптылық, ұлттық болмыстың нәзік иірімдері мен шебердің жүрек жылуы сезіледі.

Гүлнар Асырқызының еңбегі жастарға үлгі, болашақ мамандарға – бағдар. Оның кәсібіне деген адалдығы мен еңбекке деген құрметі – ауыл тұрғындарының, әсіресе жас қыз-келіншектердің бойына еңбекке деген сүйіспеншілікті дарытады.

Мұндай еңбекқор жандар – ауылымыздың алтын қазынасы!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments