Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, былай делінген: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!».
Осы сөздерді назарға ала Ащысу ауылының тұрғыны Назарбеков Қожабай Мақашұлын айтса болады. Ол 1963 жылы Өзбекстанда
дүниеге келген.
1993 жылы Ащысу ауылына көшіп келіп, Сарытауқұм түйе совхозының бухгалтері болып қызмет еткен. 1997 жылдан қойма меңгерушісі болған. 2001 жылдан «Агро-Меркур» ЖШС-де жұмыс істеген. 2010 жылдан «Нұрлан» шаруа қожалығының ыстығымен кіріп-суығымен шығатын жұмысшысы, трактористі болып жұмыс істеп келе жатыр. Ауылдастар арасында сыйлы, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі боларлық тұлға. Бір
отбасының тірегі аяулы жар, үш баланың әкесі, немерелердің атасы. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы
қашанда мақтан тұтарлық.

Exit mobile version