Пятница, 4 июля, 2025

Еңбек адамы

Жұмысшы мамандығы – адал еңбектің үлгісі
Алишева Жанна 1977 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1994 жылы орта мектепті аяқтады. Оқу жолын жалғастырып, 1994–1996 жылдары Политех колледжінде кадр бөлімінің мамандығын меңгерді. 1997–2000 жылдары Жемпи оқу орнында математика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алды.

2001 жылдан бері Талап ауылдық округіндегі «Қазпошта» бөлімшесінде меңгеруші болып қызмет етіп келеді. Өз ісіне адал, еңбекқор маман ретінде халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Ел ішінде сыйлы, жауапкершілігі мол, кәсібіне шынайы берілген қызметкер.

Қызметімен қатар, Жанна — екі қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана. Жұмысшы маман иесі ретінде ауылдың әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып келе жатқан жан.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments