Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Серебрякова Оксана 1979 жылғы 6 маусымда Қостанай облысы, Бориновка ауылында дүниеге келген. Бастауыш және орта білімін туған ауылындағы мектепте алып, еңбек жолына ерте араласқан.
Көп жылдар бойы халыққа қызмет көрсету саласында, атап айтқанда пошта байланысы саласында адал еңбек етіп келеді. 2017 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысы, Теміржол ауылдық округіне қарасты Қазыбек бек бекетіндегі Қазпошта байланыс бөлімшесінде пошташы қызметінде жұмыс істеп келеді.
Серебрякова Оксана – өмірлік тәжірибесі мол, өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары қызметкер. Ұжым арасында сыйлы, ауыл тұрғындарына әрдайым көмектесуге дайын, іскер жан ретінде танылған.
Бүгінде ардақты ана болса да, еңбек жолын жалғастырып, жас буынға үлгі боларлықтай қызмет атқаруда.

Exit mobile version