Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Байсеитов Нұрбай Дүйсенұлы
18.03.1967 ж. Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келген. 1984 жылы еңбек жолын Мерке ауданындағы ЖБИ зауытында ауыр кран жүргізуден бастаған. 1985–1987 жылдары Совет армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1994–2006 жылдары ҚР Қарулы күштеріндегі 28237 әскери бөлімінде қызмет атқарды. Іле бойындағы Танбалытас оқу-жаттығу базасының құрылуына белсене қатысты. Табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда – Еңбекшіқазақ ауданындағы су тасқыны (1996), Медеудегі өрт (1998–2000), Талғар мен Алматыдағы көшкіндер (2004–2005), Құландағы жер сілкінісі, Қызылордадағы су тасқыны, орман өрттері мен қалың қар, үскірік аяз кездерінде – әрдайым қауіптің бел ортасынан табылды.

Қоғамдық және қайырымдылық істерге де белсене араласқан. Ауыл мектептеріне жанар-жағармай бөшкелері мен трансформатор орнатуға, мешіт құрылыстарына, жол және көпір салу жұмыстарына көмек көрсеткен. Әскери бөлімшеге теледидар мен компьютер сыйлаған.

Осы еңбектері еленіп, көптеген марапаттарға ие болды:

«Батырдың Шапағаты» атағы (2005, Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай)
ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған медаль
Әкімдік пен полиция тарапынан бірнеше Алғыс хат
«Үздік жүргізуші» атағы (2009–2010)
2010 жылдан бері «Жамбыл Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қызмет атқарып келеді. Өз ісіне адал, қоғам мен ел мүддесі жолында аянбай еңбек еткен азамат.

Exit mobile version