Гайнуллина Ақсауле 01.01.1970 жылы Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданы,Жаңажол ауылында дүниеге келген. Мектепті 1987 жылы бітіріп,Алматы қаласындағы Байланыс (Связь) техникумының « Оператор почтовой связи» мамандығына түсті. Еңбек өтілін 1989 жылы Үңгіртас ауылының Пошта торабында бастады. Жалпы 36 жылдық еңбек өтілі бар. Осы күнге дейін Пошта қызметкері. Өз қызметін аса жоғары жауапкершілкпен атқарады, зейнеткерлер мен пошта қызметін пайдаланушылардың көңілін тауып, ауыл тұрғындарының сыйына ие. 36 жыл бойы тұрақты Пошта торабында еңбек жолын жалғастырып келе жатыр.
Отбасында жалғызбасты. Жары 2016 жылы қайтыс болған. Қызы, күйеубаласы және немересі бар. Сүйікті ана,ардақты әже.
Гайнуллина Ақсауле үшін еңбек – абырой мен адалдықтың көрінісі. Қарапайым Пошта қызметкері ретінде туған ауылына дамуына, өз үлесін қосып келеді.
2025 – Жұмысшы жылы аясында еліміздегі әрбір еңбек адамының еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Қоғам дамуының негізі – адал еңбек пен елге деген сүйіспеншілік пен құрмет.
Еңбек адамы
