Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Еңбек адамы деп — өз кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Мінеки, осындай адам деп Жамбыл ауданы Шиен ауылының тумасы
Аршабеков Қазбек Тұрсынбайұлын айтуға болады.
Аршабеков Қазбек Тұрсынбайұлы 1961 жылы 25 ақпанда Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген.
1979-1981 жылдары Отан алдындағы әскери борышын Германия мемлекетінде өтеді. Еңбек жолын әскери борышын өтеп келген соң Дегерес совхозында трактор жүргізушісі мамандығынан бастаған.
1985 жылдан Шиен ауылының “21 партсьезд”атындағы колхозда жұмысын жалғастырды. Техниканың барлық түрлерін жетік меңгерген, трактор, комбайн, жүк көліктерін жөндеу — өзінің сүйікті ісі. Қазіргі уақытта зейнетке шыққанымен “Суықтөбе” ЖШС — де трактормен шөп шауып, астық орып еңбек етуде.
Аршабеков Қазбек 4 баланы тәрбиелеп өсірген ардақты әке, аяулы жар, немерелеріне мейірімін төккен ата атанып отыр.

Қызмет жолында енбекқорлығы мен
адалдығының арқасында ауыл
тұрғындарының алғысына бөленіп, ел құрметіне ие болып жүр.

Exit mobile version