Понедельник, 21 июля, 2025

Еңбек адамы

Кыстаубаева Гүлсім Дәукенқызы 1963 жылдың 13 наурызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Майбұлақ ауылындағы сегіз жылдық мектепті аяқтап, сол жылы Алматы политехникалық техникумына оқуға түсіп, 1981 жылы сәтті тәмамдаған. Оқу орнын бітірген соң бірден еңбек жолын бастап, алғашқы қызметін «Молочно-свекловичный совхоз Прогресс» мекемесінде қойма жұмысшысы ретінде бастаған.
Қызмет барысында еңбекқорлығы мен ұқыптылығының арқасында бухгалтерлік салаға ауысып, автопарк, кейіннен Орталық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (Центральный ЖКХ) бухгалтериясында жұмыс істеген. Есеп айырысу бөлімінде де абыроймен еңбек етіп, жинаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің нәтижесінде бас бухгалтер лауазымына дейін көтерілген.
Осы кезеңнен кейін де өзінің кәсіби жолын жалғастырып, 2017 жылдан 2025 жылға дейін «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Мыңбаев су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бухгалтер қызметін атқарған.
Гүлсім Дәукенқызы — жоғары жауапкершілігімен, тиянақтылығымен, адалдығымен және еңбекке деген шынайы көзқарасымен ұжым арасында ерекше құрметке ие болған маман. Кез келген тапсырманы үлкен ыждағаттылықпен орындайтын, есеп-қисапқа өте мұқият қарайтын, жұмыс тәртібін қатаң сақтайтын қызметкер ретінде ерекшеленеді.
Ұжыммен тіл табыса алатын, талапшыл әрі сыпайы мінезімен көпке үлгі. Еңбек жолында жинаған мол тәжірибесі мен адами қасиеттері оны ұжымдағы беделді қызметкер ретінде танытты.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments