Вторник, 22 июля, 2025

Еңбек адамы

Қарапайым еңбекпен елге қызмет етіп жүрген жандардың бірі — Айдарлы ауылдық пошта бөлімшесінің басшысы Иманбаева Айзат Жарасқызы.

Айзат Жарасқызы пошта саласына 2015 жылы басшылыққа келіп, өз ісіне деген адалдығы мен табандылығының арқасында осы кезге дейін өз қызметін атқарып келеді. Хат- хабар мен заттай салемдемелерді уақытылы жеткізіп, тұрғындардың зейнетақысы мен жәрдемақысына жауапты болу – үлкен сенім мен тәртіпті талап ететін іс екенін жақсы біледі.

Сонымен қатар Айзат Жарасқызы тек қызметімен ғана емес, өмірлік рөлімен де көпке үлгі көпбалалы ана, отбасындағы тәрбиені еңбекпен ұштастырып келе жатқан нәзік жан. Ауыл ішіндегі түрлі қоғамдық іс- шараларға белсене атсалысатын азаматшалардың бірі.

Айзат Иманбаева – бүгінгі қазақ әйелінің шынайы бейнесі: кәсібіне берілген, отбасына адал, қоғамға жанашыр. Осындай еңбек адамдары ауылымыздың шын мәніндегі шынайы қамқоршылары.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments