Асқарбаев Алмас Мұқатайұлы 1980 жылы 25 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. Бала кезінен еңбекқорлық пен адалдықты өмірлік ұстаным еткен Алмас Мұқатайұлы әрдайым табандылық пен мақсаткерліктің үлгісі болып келеді.
1997 жылы Үлгілі орта мектебін үздік аяқтап, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылды. Тараз қаласында орналасқан мотоатқыштар бөлімінде әскери борышын абыроймен атқарды.
Әскер қатарынан оралған соң, 2004–2007 жылдар аралығында құрылыс саласында еңбек етіп, нақты тәжірибе мен кәсіби машық жинақтады. Бұл кезең оның табанды еңбек етуге деген құлшынысын арттырды.
2007–2011 жылдары Алматы қаласындағы халықаралық деңгейдегі спорт нысаны — «Медеу» мұз айдынында жұмыс істеп, ұйымдастырушылық пен жауапкершілікке негізделген кәсіби бағытта тәжірибе жинады.
2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Алматы Жарық» акционерлік қоғамында кезекші электрмонтер қызметін атқарып келеді. Бұл салада да өзін жауапкершілігі жоғары, сенімді маман ретінде көрсете білді.
Қазіргі таңда отбасылы, үш баланың қамқор әкесі. Өмірлік ұстанымы — адал еңбек пен ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.
«Адам өз ісіне адал болса — өмірі мазмұнды, жолы нұрлы болады»— деп санайтын Алмас Мұқатайұлы қарапайымдылығы мен қайраткерлігі арқылы елге үлгі боларлық азамат.
#ЕңбекАдамы #АлматыЖарық #ЕңбекпенЕрҰлы