22 тамыз 2025 жылы Жамбыл ауданы, Үлгілі ауылдық округінде ауыл тұрғындарының қатысуымен «Тіл және кітапханалар: мәдени мұраны сақтау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тіл арқылы ұлттық әдебиет пен мәдениетті сақтау және дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға Ақсақалдар кеңесінің, Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.
Спикерлер тілдің ұлттың рухани байлығы екенін атап өтіп, кітапханалардың жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы орнына тоқталды. Сонымен қатар, мұндай шаралардың рухани мұрамызды дәріптеуде, жастарға өнеге болуда және қоғамда татулық пен сыйластықты нығайтуда маңызы зор екендігі айтылды.
Іс-шара өзге этнос өкілдерінің де бірлік пен достықты сақтаудағы рөлін айқындап, көпэтносты қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді арттыруға үлес қосты.