Вторник, 26 августа, 2025

Еңбек адамы

Еңбек адамы – елдің тірегі

Еңбек – адамзаттың тіршілігінің қайнар көзі, ұрпақ тәрбиесінің бастауы. Қай кезеңде болмасын қоғамның дамуы мен өркендеуі қарапайым еңбек адамдарының қажырлы ісімен тікелей байланысты. Осындай еңбекқор жандардың бірі – ауылымыздың абыройлы азаматы, Шиен орта мектебінің аспазы Дүйсембаева Шолпан Заготалықызы.

Шолпан Заготалықызы 1974 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген. Бала кезінен білім мен еңбекті қатар ұштастырған ол 1981–1991 жылдары Шиен орта мектебінде тәлім алып, білім нәрімен сусындады.

1992 жылы отбасын құрып, бүгінгі таңда төрт баласын тәрбиелеп, оларға өнегелі тәлім-тәрбие беріп отырған ардақты ана атанды. Ұрпақ тәрбиесін басты орынға қойған Шолпан апай шаңырақтағы тиянақты келін, мейірімді ана, ардақты жар бола білді.

Жастайынан еңбекке жақын ол 1995–1997 жылдары Алматы қаласындағы Технологиялық колледжде аспазшы-технолог мамандығын меңгерді. Кәсібін жетілдіру мақсатында 2013 жылы “Престиж” оқу орталығында арнайы курстан өтіп, куәлігін иеленді.

2015 жылдан бастап туған ауылының Шиен орта мектебінде аспаз болып еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда ол жас ұрпақтың дұрыс тамақтануына, денсаулығын нығайтуына өз үлесін қосып отырған білікті маман. Балалардың дәмді әрі пайдалы ас ішуі үшін күнделікті адал еңбегін арнап жүрген Шолпан апай – ауыл тұрғындары арасында ерекше құрметке ие жан.

Қарапайым еңбегімен ел құрметіне бөленген осындай азаматтар – қоғамымыздың тірегі. Олардың маңдай терімен атқарған адал ісі жас ұрпаққа үлгі болып, еңбекке баулиды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments