Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Аққайнар ауылында қарапайым еңбек адамдарының өмірі – тұтас бір өнеге. Осындай өнегелі жандардың бірі – Калинин Сергей Васильевич. Ол ара шаруашылығымен айналысып, ауылдың брендіне айналған бал өнімдерін өндіреді.
1972 жылы Аралтөбе ауылы Іле ауданында дүниеге келген, 2001 жылы Аққайнар ауыоына көшіп келді. Калинин Сергей еңбек жолын осы бал арамен бастаған. Еңбекке адал, табиғатқа жанашыр азамат. Бүгінде оның ара ұялары Бақанас ауылының тауларының бөктерінде орналасқан. Таза табиғатта, гүлді алқаптарда жайылған бал аралары жинаған өнім – еңбектің шынайы жемісі. Сергей Васильевич өндіретін бал өнімдері ауыл тұрғындары арасында ерекше сұранысқа ие. Оның аты мен өнімі Аққайнар ауылының мақтанышына айналып отыр.
Еңбектің адал жолын таңдаған азаматтың жетістіктері де аз емес. Еңбегі – қарапайым еңбектің үлкен жетістікке жеткізетінінің дәлелі.

Exit mobile version