Site icon Атамекен

Еңбек адамы

Дуечиева Нурджемал Мактабаевна 1965 жылғы 14 маусымда дүниеге келген.
Жастайынан тігін ісіне қызығушылық танытып, қазіргі таңда тігінші ретінде жұмыс атқаруда.
Отбасында бір ұл тәрбиелеп отыр.

Нурджемал тігіншілік саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Ол ауыл тұрғындарының тапсырыстарын қабылдап, киім-кешекті өз уақытымен әрі сапалы жөндеп береді. Сонымен қатар, жаңа киім үлгілерін тігумен айналысып, тұрмысқа қажетті төсек-жабдықтар, перде, ұлттық нақыштағы бұйымдар әзірлейді.

Өз ісіне тиянақты, ұқыпты қарағандықтан, тұрғындардың сеніміне ие болып отыр. Еңбексүйгіштігі мен қолөнерге деген шеберлігінің арқасында ауылдағы көптеген отбасы Нурджемалдың қолынан шыққан өнімдерді тұтынады.

Exit mobile version